«Канвассинг» шарасы аясында
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты «Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт жұмыстарын кең көлемде жүргізіп, аудан көлемінде түрлі сипаттағы шараларды өткізуде. Осы ретте «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Біржан Қуанәлиев, Мирас Иманғалиев және Елдос Сағадатов Жәнібек ауылының тұрғыны, ІІ топ мүгедегі, зейнеткер, Қантым Гумарованың үйінде болды. «Канвассинг» шарасы аясында отбасы мүшелерімен өткізілген кездесуде жергілкті өкілді органның депутаттығына партиядан ұсынылған кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен және алға қойылған міндеттермен таныстырып, партия тарапынан қазақстандықтардың хал-жағдайын жақсарту бағытында іске асырылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті.
Қантым Гумарова партия тарапынан тұрғындардың әлжуаз топтарына көрсетіліп жатырған ауқымды қолдау шараларын айрықша атап өтіп, партияның ұстанымы мен оның саясатына өз ризашылығын білдірді. Сол негізде Қантым Гумарова өзінің конституциялық құқығын іске асыру үшін өткізілетін сайлауға қатынасатындығын және өз дауысын «Nur Otan» партиясына беретіндігін жеткізді.
Кездесу соңында отбасы мүшелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихаттық материалдары таратылып берілді.

