КАНВАССИНГ ШАРАСЫ
Күздің соңғы айы біте келіп, қыстың көзі қылаулана бастағалы, мал баққан шаруалардың қысқа дайындығын өз көзімен көргелі облыстық мәслихаттың депутаты И. Габдуллин Бөкейордасы ауданы, Бөрлі ауылының тұрғыны еңбек ардагері, зейнеткер «Жұмат» шаруа қожалығының жетекшісі Қ. Мұхамбетовке барып, жем-судың дайындығы мен хал-жағдайын біліп қайтты. Зейнеткерлікке шықса да шаруадан қол үзбеген ерлі -зайыпты Қ.Мұхамбетовтердің тұрмыс тіршілігінен хабардар болған депутат И.Габдуллин кез кезген уақытта қажетті көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.
