КАНВАССИНГ ШАРАСЫ
"Nur Otan" партиясының канвассинг шарасы аясында "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев және аудандық мәслихат депутаты Р.Құрманғазиевпен бірге Сайқын ауылының тұрғыны, бірнеше жылдар совхозда қызмет еткен, Бөкей ордасы аудандық мәслихатының V шақырылымдағы депутаты, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған, күні кеше Бөкей хандығының 220 жылдығында ауданның "Құрметті азаматы" атанған Машотов Иманбай ағамыздың шаңырағында болып, ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі, партиялық сайлауалды бағдарламаның орындалу барысымен таныстырды. Ауыл ақсақалы өз кезегінде қызмет еткен жылдардағы естеліктерін еске алып, жұмысымызға сәттілік тіледі.
