“Канвассинг”шарасы
“Канвассинг”шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сағын Қазиев Шыңғырлау ауылының тұрғындарымен сайлауалды кездесу өткізді. Кездесу барысында С.Қазиеви "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, “Nur Otan” партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Кездесу соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылды.
