«Канвассинг» шарасы
«Канвассинг» шарасы аясында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар А.Калмагамбетов, Н.Успанов, Н.Ямашев көп балалы отбасылардың үйлерінде болып, сайлауалды бағдарламаларды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтармен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, кандидаттар партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнгі қол жетістіктерді саралап берді. Бүгінгі күні партияның қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында жүзеге асырып жатырған жұмыстарды көп балалы аналарымыз оң бағалап, партия кандидаттарына алдағы сайлауда жеңіске жетуін тіледі. Сондай-ақ кездесуге келген үміткерлердің еңбегіне өз ризашылықтарын білдіріп, оның алдағы қызметіне толайым табыстар мен сәттіліктер тіледі. Кездесу соңында отбасы мүшелеріне "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт материалдарын таратылды.
