Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ Посещение кандидата в депутаты областного маслихата

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізімдегі кандидат Халилин Ерден Балтабайұлы Қаражал қаласында көп балалы отбасы немере, шөбере тәрбиелеп отырған Шікіровтер отбасында қаланың құрметті азаматтарымен және елдің ақсақалдарымен Канвассинг кездесуін өткізді. Ерден Балтабайұлы халықтың көкейкесті сұрақтары мен мәселелерін тыңдап, тұрғындармен өз ойларымен бөлісіп, "Nur Otan" партияының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдардың ұсыныстарын тыңдады. Қаражал қаласы бойынша тұрғын үйлердің қайтадан қалпына келтіріліп, халыққа мемлекет қорынан тұрғын үй алу мәселелерінің оңтайлы шешіліп жатқандығын және ауыз су мәселесінің Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде түбегейлі шешілгендігі айтылды. Қала мен кенттегі Мәдениет үйлерінің күрделі жөндеуден өткізіліп, алдағы жылы спорт кешенінің құрылысы басталатыны айтылды.

Үлкендердің ұсыныс,тілектері тыңдалды. Қаражал-Жәйрем өңірінде Мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізіліп халық игілігіне берілуде. Сонымен қатар қалада дәрігерлерге арналып тұрғын үй қалпына келтіріліп, сырттан келетін маман дәрігерлер орналасатыны айтылды. #NurOtan#JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
139

Еще по теме

КАНВАССИНГ Посещение кандидата в депутаты областного маслихата - Yvision.kz