КАНВАССИНГ - ПОДСТЕПНОЕ АУЫЛЫНДА
Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг. «Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру. Бүгін, 2020 жылдың 17 желтоқсан күні Теректі ауданында ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттығына үміткерлер - Снежанна Имашева мен Аманжан Жамалов Ұлы Отан соғысы ардагері Этманов Александр Романовичтің үйінде болды. Жалпыұлттық мереке - тәуелсіздік күнімен құттықтай келген үміткерлер, ардагермен әңгімелесіп, Кеңес заманының архивтеріне көз жүгіртті. Сонымен қатар, үміткерлер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айтып, партияның сайлаудағы ұстанымдарымен бөлісті. #bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! преодолев испытания, победим вместе!
