Канвассинг кездесу
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты, және "Жаркент өңірі" газетінің директор-бас редакторы ретінде Айтмұқаева Бағдат Бейсенқызы отыз жылға жуық баспа саласында қызмет етіп келе жатқан баспахана қызметкері Раушан Қасенқызымен канвассинг кездесу өткізді. Раушан Қасенқызы 1992 жылдан 2004 жылға дейін баспаханада газет беттеушісі болып қызмет атқарған. Толағай табыстарды шаттана жеткізетін газеттің әр санының шығуына көп еңбек еткен. 2004 жылдан бастап күні бүгінге дейін баспахана қызметкері болып жұмыс жасап келеді. Жалпы баспа ісі саласында Раушан Қасенқызының төккен тері мен сіңірген еңбегі аз емес. Міне, осындай еңбекқор жанмен канвассинг кездесу барысында сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қойылған сауалдарға жауап берді.
