Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досмаилов Қанат Нүркешұлы Панфилов ауданының құрметті азаматы, белгілі ақын, ардагер ұстаз Ислам-Ғали Үркімбайұлымен канвассинг кездесу өткізді. Ислам-Ғали Үркімбайұлы 1953 жылы 15 наурызды Алматы облысы Панфилов ауданының Сарыбел ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагокикалық университетінің көркемсурет-графикалық факультетін бітірді. 1975-1993 жылдары ұстаздық қызмет атқарды. 1993 жылы аудандық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты 1983 жылы, дипломанты 1985 жылы атанды. «Алтыбақан», «Шабыт», «Егіз қалам» т.б көптеген кітаптарының авторы. Бірнеше рет дипломдармен, медальмен марапатталған. Кездесу барысында Қанат Нүркешұлы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген жұмыстармен, ел тәуелсізідгінің мән-маңызы мен 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігі жайлы да айтып өтіп, Ислам-Ғали Үркімбайұлының ақ батасын алып қайтты.

0
0
153

Еще по теме

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz