КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
Панфилов аудандық мәслихат депутаты Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Қоңырөлең тумасының азаматы Битебае Өтеген Тоқанұлымен канвассинг кездесу өткізді. Өтеген Тоқанұлы 1956 жылы 06 қарашада Қоңырөлең ауылында дүниеге келген. Өтеген Тоқанұлы 1997 жылы «Мадина» жеке шаруашылығын құрып, шаруа қожалығындағы 200 қойдан өсіре келе, 2003 жылды «Мадина» шаруа қожалығы Биязы ақ жүнді асыл тұқымды қой шаруашылығы болып қайта құрды. Бүгінгі күні қарамағында мал басы 2500 бас қой, 550 бас ірі қара, 100 бастан аса түйе, 400 бас жылқыға жеткізіп отыр. Шаруа қожалығының қарамағында тұрақты 12 адам жұмыс істейді. Орташа еңбек жалақалылары 50000 теңгеден төленеді. Шаруашылықтың мезгілді жұмыстарына округтегі 20 жұмыссыз азаматтар тартылып отырады. Ауданның экономиикасын дамытуға сіңірген еңбегі үшін 2007 жылы Алматы облысы әкімі С.Үмбетовтен 1-дәрежелі дипломымен, Ауыл шаруашылық министрі А.Күрішбаевтан жоғарғы номинациялық дипломымен, Ауданның құрметті азаматы, 2011 жылы «Ерен еңбегі» үшін медалімен, 2013 жылы ауыл шаруышылығы министрі Мамытбековтың алғыс хатымен марапатталған. 2015 жылы ауыл шаруашылығында жеткен жетістіктері үшін облыс әкімінің 2-дәрежелі дипломымен, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалімен марапатталған. Кездесу барысында Ерғали Отарғалиұлы партияның сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген жұмыстармен, ел тәуелсізідгінің мән-маңызы мен 30 жыл ішіндегі жеткен жетістігі жайлы да айтып өтіп, Өтеген Тоқанұлының ақ батасын алып қайтты.
