Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

Осы жылдың 26-шы сәуір күні мен Панфилов аудандық маслихат депутаты Қожақов Елтай Тұрлықожаұлы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі,зейнеткер,байырғы ұстаз Мұхаметбеков Несіпбай ағамызбен канвассинг кездесу өткізді.

Мұхаметбеков Несіпбай 05.06.1944 жылы Панфилов ауданы,Қоңырөлең ауылында дүниеге келген.

1959 жылы Қоңырөлең орта мектебінде 7-ші классты бітірді.

1959-1960 жылы Талдықорған қаласындағы тракторист-комбайнер дайындайтын училищені бітірді.

1961-1965 Панфилов педагогикалық училищесін үздік дипломмен бітірді.

1966-1972 жылдары Абай атындағы педагогикалық институттын бітірді.

Еңбек жолы:

1965-1978 жылдары Қоңырөлең орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

1978-1980 жылдары Ынталы сегіз жылдық мектебінде директор.

1980-1985 жылдары "Октябрь" совхозында кәсіподақ ұйымының председателі.

1985-1990 жылдары Қоңырөлең орта мектебінде директор.

1990-1995 жылдары Қоңырөлең орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі.

1995-2002 жылдары Қоңырөлең орта мектебінде директор.

2002-2007 жылдары Қоңырөлең орта мектебінде қазақ тілі пәні мұғалімі.

2007 жылдан зейнеткер.

Мұхаметбеков Несіпбай ағамыз бар саналы ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз. Еңбек жолын 1965 жылы мұғалім болып бастаған. Жұбайы Смағұлова Бәтжан апайымыз екеуі екі ұл бір қыз тәрбиелеп өсірген. Кәзіргі уақытта немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.Зейнетке шыққан жылдан бері округ көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып,ауылымыздың ынтымақ,бірлігін үшін еңбек етуде. Округ көлеміндегі қоғамдық кеңес мүшесі,Қоңырөлең ауылдық округінің бас биі.Несіпбай ағамызбен өзінің қиында,қызықты өмір жолы туралы ұзақ әңгімелестік.Бар арманы еліміздің амандығы,жұртымыздың тыныштығы.Біз де ардагер ағамызға деніне саулық,отбасына амандық тілейміз.

#ардагерлердіардақтайық

0
0
125

Еще по теме

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz