КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мен, Панфилов аудандық мәслихат депутаты Баякеева Раушан Бердібекқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында Панфилов ауданның құрметті азаматы, Рахимбаев Нуриахмет Нұрбекұлымен канвассинг кездесу өткізді.
Еңбек жолын 1974 жылы Панфилов ауданының экономикалық жоспарлау бөлімінің бастығы болып бастаған Нуриахмет Нұрбекұлы 1986-2009 жылдар арасында аудандық статистика бөлімінің басқарма бастығы болып қызмет етіп 2009 жылы зейнетке шыққан. Қазіргі таңда 3 баладан 6 немере 3 шөбере сүйіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған қазыналы қартымыз зейнетке шықса да қоғамдық жұмыстардан шет қалған емес. Зейнетке шыққан жылдары "Nur Otan" партиясының партиялық бақылау комиссиясының басшысы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан. 5 жыл бойы аудандық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары болып қызмет етсе, 7 жылдан бері аудандық ардагерлер ұйымының басшысы қызметін атқаруда. Осы еңбектерінің арқасында жеткен жетістіктері мен наградалары да аз емес. Атап айтсақ:
"Панфилов ауданының Құрметті азаматы"
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының медалімен
Астана қаласының 20 жылдық медалімен
Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толу медалімен
Ауылшарушылық санағын өткізуге қатысқаны үшін төсбелгісімен
Республикалық ардагерлер ұйымының төсбелгісімен марапатталған.
«Жас жүрген жер-мереке, қарт жүрген жер береке» демекші Нуриахмет Нұрбекұлы сияқты қазыналы қарттарымыз аман болсын!
