КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
Панфилов аудандық мәслихат депутаты Бегімбекова Ұлдана Қуандықызы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және "Ардагерлерді ардақтайық", партиялық жобасы аясында өңіріміздің қоғамдық өміріне белсенді араласып, білімі мен тәжірибесін ауыл тұрғындарының рухани байлығын көтеруде зор үлес қосып келе жатқан Көктал ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлау Солтанқұловпен канвассинг кездесу өткізді. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген жұмыстар, және қоғамда орын алған бірқатар мәселелерді айтып , елімізде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты пікірін білдірді. Кездесу соңында Ардагеріміз Ұлдана Қуандыққызына ақ батасын берді.
