КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ
КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер А.Агаев сайлау алды үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, Ақсай қаласының тұрғыны Муканов Әскер және Мендыбаева Данияның шаңырағында болды. Әскер ағамыз көп жылдар аудан көлемінде бас инженер болып, кейін "Аксайавтотранс" АҚ- да жұмыс жасап зейнет жасына шықса, Дания апамыз да ұзақ жылдар ұстаздық етіп, бүгінде зейнеткер ұстаз. Жылы шыраймен қарсы алған зейнеткерлер, осыған дейін де бірнеше сайлаудың куәсі екенін айта келіп, алда өтетін сайлауда үміткерлерге сәттілік тілейтінін, партияны қолдайтынын жеткізді. Депутаттыққа үміткер А.Агаев кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, алдағы бес жылда аудан көлемінде, соның ішінде Бөрлі ауданында атқарылатын жұмыстар туралы айта келіп,үнпарақтар үлестіріп, жоғарыда аталған партияны қолдауға шақырды.
