Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ

Бөрлі ауданының маслихат депутатына үміткер Қ.Т.Ермекбаевпен облыстық маслихат депутатына үміткер И.Т.Сатимов және үміткерлердің сенімді өкілі М.Ж.Утемуратов сайлау алды үгіт насихат жүргізіп Бөрлі ауылының ардагерлері Тлеповтердің шаңырағында болды. Тлепов Аскер ағамыз еңбекке ерте аралысып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың бірі. Колхозда қарапайым жұмысшыдан, бригадир қызметіне дейін әр түрлі жұмыстар атқарған. Тлепова Сағира апамызда білім саласында еңбек етіп бүгінде зейнеткер жасына шығып немере сүйіп, отырған ардақты әже. Еңбек ардагерлері өздерінің ағалық, аналық тілектерін білдіріп, өздерінен кейінгі жас буынға тілектерін айтып, ақ баталарын берді.

Депутаттыққа үміткер азаматтар «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламаларымен таныстырып, алдағы бес жылда аудан көлемінде, соның ішінде Бөрлі ауылында атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті. Үнпарақтар үлестіріп, жоғарыда аталған партияны қолдауға шақырды.

Еще по теме

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz