Канвассинг-кездесу
Канвассинг аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нурия Муфтеева Бөрлі аудандық мәслихат хатшысы А.Куликешевпен бірге ауданымыздың құрметті азаматы , Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан журналистер Кеңесінің мүшесі, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, аудандық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы Гусманов Қуанышкали Қабдошұлымен кездесті.
Қуанышкали Қабдошұлы жұбайы екеуі қуанышпен, қонақжайлық танытып, қарсы алды. Олардың шаңырағы мейірім мен шуаққа толы. Зайыбы екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірген, немере, шөберелері бар. Бір ұлдары мемлекеттік борышын өтей жүріп, Ауғанстанда қаза тауыпты.
Қуанышқали Қабдошұлы өзінің "нағыз бөрлілік" екенін мақтанышпен айтты. Ол 1936 жылы Бөрлі ауданының Бума ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Орал педагогикалық училищесін аяқтағаннан кейін мұғалімдік қызметін Бесағаш мектебінде бастаған. 1966 жылдан бастап журналистикамен айналысып, Жымпиты, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында 27 жылдан аса газет тілшісі және редакторы болған. 1993 жылы Қуанышқали Қабдолұлы өз туған ауданы Бөрліге оралып, өзінің сүйікті ісіне - журналистикаға "Достық үні", "Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести", "Язык и религия" газеттеріне арнаған. Құрметті демалысқа шықса да, өз мақалаларын жариялауды жалғастыруда.
Қуанышқали Қабдошұлы бізге сәттілік тілей отырып, "Бастысы - халық! Сондықтан сіздер, депутаттар олардың жағдайын жасауларың керек. Сонымен бірге ана тіліміздің күшін жандандыру маңызды, Қазақстанның болашағы - ана тілімізде" деген өз тілеуін айтты.
Дана қарияны тыңдай отырып, өмірдің нағыз шындығының қарапайымдылығына таңқаласың. Ел тыныштығы, ағайынның саулығы, отбасының амандығы және балалардың шат күлкісі.
В рамках канвассинга мы вместе с секретарем Бурлинского маслихата Куликешевым А.А. побывали в гостях у Гусманова Куанышкали Кабдошевича - почетного гражданина Бурлинского района, почетного журналиста Казахстана, члена Союза журналистов Казахстана, председателя районного совета аксакалов, руководителя районного общества «Казахский язык».
Куанышкали Кабдошевич с супругой радушно встретили нас, сразу расположив к себе открытостью и гостеприимством. Их дом пронизан добротой и тёплом: с супругой они вырастили 10 детей, подрастают внуки и правнуки. Один из сыновей погиб в Афганистане, выполняя свой государственный долг.
Куанышкали Кабдошевич, с гордостью сказал, что он настоящий бурлинец. Родился он в 1936 в селе Бума Бурлинского района. После окончания Уральского педагогического училища в 1956 году начал преподавательскую деятельность в школе Бесагаш Бурлинского района. В 1966 году занялся журналистикой, проработав более 27 лет корреспондентом и редактором газет в Джимпитинском, Каратюбинском и Чингирлауском районе. В 1993 году Куанышкали Кабдошевич вернулся в родной Бурлинский район, посвятив себя любимому журналистскому делу в газетах «Достық Үні», «Бурлин жаршысы - Бурлинские вести», «Язык и религия». И даже уйдя на заслуженный отдых, до сих пор продолжает публиковать свои статьи.
Куанышкали Кабдошевич пожелал нам успехов и дал своё напутствие: «Главное - НАРОД! Поэтому Вам, кандидатам в депутаты, необходимо сделать все для его благополучия. Также важно возродить силу родного языка, так как в нем будущее Казахстана!»
Слушая мудрого аксакала, удивляешься как просты настоящие жизненные истины: чтобы был мир, были живы-здоровы близкие, а в семьях было благополучие и счастье от радостного детского смеха.
