Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ

Жаңа жыл қарсаңында канвассинг аясында біз еңбек ардагері Журавлева Анастасия Анисимовнада қонақта болдық. Пугачев ауылының құрметті тұрғыны 92 жаста. Ардагермен жүздесе отырып, жасына қарамастан есте сақтау қабілетінің жоғары екеніне таң қалдық. Өз отбасындағы барлық жайлар есінде, тіпті еліміз бен әлемде болып жатқан жаңалықтардан хабардар екенін білдік. Пандемия, алдағы сайлау, NUR OTAN партиясы туралы айтты. Анастасиия Анисимовна өз өмірі туралы қызықты деректермен бөлісті. Оның отбасы Бөрлі ет совхозына (қазіргі Аралтал) 1936 жылы көшіп келіпті. Соғыс басталғанда 13 жаста екен. Алдымен, сол кездегі барлық балалар сияқты фермада жұмыс жасап, курс аяқтағаннан кейін тракторшы болыпты. Соғыстан кейін жұбайымен бірге қандай да болсын жұмыстан қорықпай, тіпті комбайнда штурваль басқарған. Күйеуі Журавлев Павел Петрович екеуі төрт ұл тәрбиелеп өсірген. Жұбайы 1959 жылдан бастап Пугачев совхозының бас механигі болған. Кейін ұлы Анатолий Павлович туған ауылында директор болды. Анастасия Анисимовна өз туған ауылын өте жақсы көреді және оның тарихын жылылықпен әңгімеледі. Ауылдағы еңбектің қиындығын, жағдайдың оңай болмағанын еске алды. Бірақ, ауыл тұрғындарының аз нәрсеге қанағат тұтып, қуана білгендерін, өздерін бақытты санағандарын мақтанышпен айтты. Анастасия Анисимовна жаңа жылда баршаға денсаулық, бақыт , ал туған өлкеміздің дамуы мен гүлденуін тіледі.

В предверии Новогодних праздников в рамках конвассинга мы побывали в гостях у ветерана труда Журавлевой Анастасии Анистмовны. Уважаемой жительнице села Пугачева 92 года. Пообщавшись с ней, не вериться, что ей столько лет. Она в подробностях вспоминала о своей жизни, семье, в курсе происходящего в стране и мире: пандемии, предстоящих выборов, партии NUR OTAN.

Очень интересную историю о своей жизни рассказала Анастасии Анисимовны. Ее семья переехала в Бурлинский мясосовхоз (ныне Арал-Тал) в 1936 году. Когда началась война ей было 13 лет. Сначала, как все дети, работала на ферме, а после окончания курсов стала трактористом. В мирное время с мужем работала на комбайне в качестве штурвального, не боялась никакой работы. С мужем Журавлевым Павлом Петровичем они вырастили четырёх сыновей. Супруг Анастасии Анисимовны с 1959 году был главным механиком совхоза Пугачёвский. В последствии директором родного совхоза стал ее сын Анатолий Павлович.

Анастасия Анисимовна очень любит своё село и с тёплом вспоминает его историю. Говорит, что всегда было не просто, ведь труд на селе нелегкий. Но сельчане умели радоваться малому и быть счастливыми!

В канун Нового года Анастасия Анисимовна пожелала всем здоровья и счастья, а родному краю процветания.

Еще по теме

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz