Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

"Nur Otan" партиясы Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жамиева Қарлығаш Нышанбайқызы канвассинг кездесу шарасы аясында "Созақ ауданының құрметті азаматы", "Білім беру ісінің құрметті қызметкері", Ы.Алтынсарин медалінің, тағы да басқа елеулі марапаттарды иеленіп келе жатқан ауданымызға белгілі Төлеуова Нұржамал Құлжабайқызымен кездесті. Нұржамал Құлжабайқызы алғашқы еңбек жолын ауыл шаруашылығынан бастап, ел қамын ойлап, елеулі еңбек сіңірген, ерекше істерімен, ақыл-парасатымен жұртшылық алдында үлкен беделге ие азаматша. Қазіргі таңда мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру ісінде өзіндік ерекше орыны бар ұлағатты ұстаз. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықтарды атап, алға қойған мақсат- міндеттермен таныстырып шықты. Нұржамал Құлжабайқызы партия тарапынан атқарылып жатқан оң нәтижелі жұмыстарға тоқталып, алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдайтынын және де көпшілікке осы партияны қолдауға шақыратынын айта отырып, алдағы сайлауда жеңіске жетуіне тілегін білдірді.

#NurOtan

#ГолосуйЗаNurOtan

#Дауысбер #JENIMPAZBOL

Еще по теме

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ - Yvision.kz