Канвассинг кездесу.
Канвассинг кездесу. "Nur Otan" партиясының үгіт - насихат жұмысы қарқынды тоқтаусыз жүріп жатыр. Мәжіліс депутаттығына кандидат Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы және облыстық,аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар мейрам күндері де өздерінің насихат жұмыстарын жалғастырды. Бүгін де мәжіліс депутаттығына кандидат С.Өсербаевпен бірге облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Ш.Мырзалиев, А.Қораласбаев және аудандық маслихатқа кандидат Б.Бабасов аудан, ауыл тұрғындарының үйлерін аралап канвассинг кездесулер өткізді. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы əңгімелесе келе, сайлауалды бағдардаманы түсіндірді. Сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ертеңгі сайлау күні қолдауларына сенім білдірді.

