Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ

Үлкеннен бата алған күн

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Руслан Азаматов пен Айнұр Мукангалиева ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Мырзагалиевке сәлемдесе барды. Әрине бұл- сайлау науқанындағы канвассинг кездесу болатын.

Кездесу аясында үміткерлер сайлауалды бағдарламаларды сөз ете отырып, ардагердің ұсыныс-тілегін тыңдады.

Садық Хабиұлы:

- Ең алғаш 1955 жылы, 18 жасымда алғаш сайлауға қатысқаным есімде. Бірақ не сайлау екендігі есімде жоқ, бірақ қатыстым. Әр заманның өз ерекшелігі бар. Жаңа жыл бұйырса осы сайлау кезеңімен басталғалы тұр. Жаңа жылды әр адам жаңа үмітпен күтетіні секілді, жаңа сайлауда қатары жаңа кандидаттармен толығатын партия ұйымынан да сондай жаңа бір жағымды жаңалықтар күтеміз. Өзім осы ауданға 1971 жылы келіп,аудан басшылығы жанында көптеген қызметте болдым. Жыл санап өсті, өркендеді. Одан қала берді ардагерлер кеңесіне келдім. Осыған дейінгі депутаттармен жиналғанда да ардагерлердің көптеген ұсыныстарын айтып жүрмін. Оған қосымша айтарым, көп қабатты үйлерде тұратын қарттар үшін лифт қызметі қалтықсыз жұмыс жасап тұрса деймін. Сыртқа шығып, кіруі қиындау қарияларға лифті басты және үлкен көмек",- деді. Ардагер сөзін аяқсыз қалдырмауды айтқан үміткерлер, өздеріне бұл мәселені жазып алды.

Кездесу соңында Садық ақсақал үміткерлерге аталық ақ тілегін арнап, бата берді.

0
0
114

Еще по теме

КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz