КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ
Қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Орынша Алимбетова канвассинг іс-шарасы аясында патронат тәрбиеші Ақмарал Малбағарова есімді тұрғынның үйіне барып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызын жеткізді.
Кандидат өз тарапынан патронат тәрбиеші Ақмарал Малбағароваға партия тарапынан ұсынып отырған жоспарлардың мақсаты мен міндетін айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде Ақмарал Малбағарова түрлі тақырыптағы пікірлерін жеткізді. Сондай-ақ, партия белсенділерімен үміткерлерге сәттілік тілеп, сайлау барысында қолдау білдіретінін жеткізді.
