Канвассинг кездесу
Мақат ауданының байырғы тұрғыны,теміржол саласында табан аудармай бір мекемеде 40 жыл еңбек еткен, темірдей қатал тәртіптің тізгінін бағындырып,ер адамға тән мінезділікпен қажырлы еңбек етіп,бүгінде Зейнеткерлік жасқа келген Балпейісова Алтын апамызбен канвассинг кездесу өткіздік.Әңгіме барысында еліміздің басты 7 жетістігін тілге тиек етіп,алдағы болатын Сайлау науқанына қатысудың маңыздылығы туралы айта келіп,"Nurotan"партиясын қолдауға шақырдық.
