КАНВАССИНГ - "КАНДИДАТ ҚОНАҚТА"
КАНВАССИНГ - "КАНДИДАТ ҚОНАҚТА"
"Nur Otan" партиясының Бөрлі аудандық мәслихатына кандидат болып тіркелген Қайрат Ермекбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исатай Сатимов бүгін канвассинг шарасы бойынша Бөрлі ауылының тұрғындары еңбек ардагері, зейнеткер, кезінде ауылдық ардагерлер кеңесінің басшысы болған, әліде қоғамдық жұмыстардан қол үзбеген Гауаз Муканов пен Бөрлі орманшаруашылығында орманшы , директордың орынбасары,Бөрлі ауданы бойынша ағаш көшеттерін отырғызып, көгалдандыруға өзінің қомақты үлесін қосқан орман саласының үздігі, зейнеткер Константин Шимаровтың үйлеріне барды.
Мұндағы мақсат – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, түйінді мәселелерді шешуге жәрдем ету.
Аталған жүздесу барысында кандидаттар партияның мақсаттары мен міндеттерін, сайлауалды бағдарламаларды жете түсіндірді. Өз кезегінде тұрғындар да көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді. Сонымен бірге оларды ертеңгі күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NUROTAN
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021
