Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ “КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”

“КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА”

Сайлаушылар назарына елімізде Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарда өтетінін қайталап сала кетсек, биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі-бұрынғы өткен сайлауларда қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуында. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алды. Канвассинг – бұл- тұрғындармен бейресми кездесу, партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Кандидат – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Бүгінгі Канвассингте «Nur Otan» партиясының атынан Бөрлі аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат Орынбасар Төлемісов пен Малика Махауова 10 бала өсіріп, тәрбиелеген батыр ана, ұлағатты ұстаз, ақын, қолөнер шебері - Дәмелі Құсайынқызының үйінде болды. Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, ақын шығармашылығына шолу жасады. Жарқын жүзбен қарсы алған ардақты ана дәм ұсынып, дастархан басында партияның осыған дейін де ел үшін жасап жатқан игі істеріне оң бағасын берді.

"Қарапайым халыққа саяси терминдерді жаттаудың қажеті жоқ. Біз үшін сайлау – жарқын болашаққа кепіл бола алатын партияны ашық түрде таңдап,сайлайтын процесс. Бүгінгі сіздердің осылай үйге келіп, жағдайымды сұрап, түсіндіргендеріңе аналық көңіліммен ризамын. Алдағы уақытта халық қалауымен, қолдауымен депутаттыққа өткен күнде шығармашылықта, мәдениет саласында бар ынтасымен еңбек етіп жүрген жас болсын, жасамыс болсын ескерусіз қалмауына ықпал жасасаңдар екен" деген ұсыныс-тілегін жеткізді. Кездесу соңында ақын анамыз партия өкілдері мен үміткерлеріне өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

#nurotan

0
0
311

Еще по теме

КАНВАССИНГ “КАНДИДАТ- ҚОНАҚТА” - Yvision.kz