КАНВАССИНГ - КАНДИДАТ ҚОНАҚТА
Дербісек ауылының төбе биі, зейнеткер Рахманберді Бегалиев пен ауыл имамы Ералы Олжабаевтың отбасында болған партия үміткерлері, зиялылардың отбасылық жағдайымен танысып, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Партияластар, «Nur Otan» партиясы, еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болатынын айтып, саяси науқанда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Ауыл зиялылары партияның жұмысына дән ризалығын білдіріп, алдағы сайлауда қолдау білдіріп, жеңіске жетуге сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының баспасөз қызметі.
