📷КАНВАССИНГ ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
📷КАНВАССИНГ ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
3 наурыз күні ауданымызға жұмыс сапарымен келген «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиев, «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин канвассинг форматы бойынша, аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары қызметін ұзақ жыл абыроймен атқарған еңбек ардагері, кәсіби медиатор Марат Тоясовтың шаңырағында болды.
Кездесу барысында Мұрат Мұқаев еңбек ардагері Марат Харесұлының еңбек еткен жылдарындағы игі бастамаларын тілге тиек етіп, ризашылығын білдіре отырып, қазіргі уақытта атқарып жүрген абыройлы жұмысына сәттілік тілеп, естелік сыйлық табыс етті. «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалының төрағасы Альберт Темірболатұлы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Казталов аудандық филиалының сайлауалды бағдарламаға негізделген Жол картасындағы атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Қазіргі таңда кәсіби медиатор қызметіндегі Марат Тоясов ауданымыздағы өзекті мәселелр мен халықтың өтініш, тілегін жеткізді.
Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
«Nur Otan» партиясының Казталов аудандық филиалы
