Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

“Канвассинг” форматында кездесу

Приозерск қалалық маслихатының депутаттығына үміткер Қарабаллаев Талғат Алимжанұлы қалалық “Ардагерлер Кеңесі” ұйымының мүшесі, қаламыздың құрметті азаматы, “Nur Otan” партиясының ардагері Абрамова Тамара Львовнамен “Канвассинг” форматында кездесу өткізді.

📷Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен және Қарағанды облысы бойынша сайлауалды Бағдарламасының басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау болып табылатын дамудың жеті басымдығымен таныстырды.

📷Сонымен қатар Талғат Алимжанұлы пандемия кезінде карантиндік тәртіпті қатаң сақтауға кеңес берді және 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды. #jenimpazbol #jeniskejet #NurOtan #tanday2021 #nurotanmenbirge

Еще по теме

“Канвассинг” форматында кездесу - Yvision.kz