Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында құрылған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында КСРО және АҚШ президенттеріне ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі үндеу жолданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде бұқаралық ақпараттары құралдарында жариялана бастады. Ол тек республика аумағында ғана емес, шет елдерде де талқыланды. Осы көтерілген бастамалардың нәтижесінде, ядролық қаруды толықтай жабуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 ж. 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Жарлығы негіз болды.

«Ардагерлер туралы» Заңында көрсетілгендей Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата – анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары. Тасқала ауданы бойынша Семей ядролық полигонының зардап шеккен 4 ардагеріміз бар. Соның бірі Байзенов Зиеден Сапарұлы ағамыз Тасқала ауылының тұрғыны. “Nur Otan”партиясы Тасқала аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Люция Жұбанышқалиеваағамыздың жағдайын біліп қайтты.

Байзенов Зиеден Сапарұлы 1951 жылы БҚО Фурман ауданы Талды - Құдықауылында дүниеге келген. 1969 жылы қараша айында Орал облысы Фурман аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақырылып, Курчатов қаласындағы 44835 әскери бөлімдерінде қатардағы жауынгер болып әскери борышын атқарып бастап,1971 жылы желтоқсан айы аралығы Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1971 -1996 жылдар аралығында Талды - Құдық ауылында жүргізуші болып, бригадир, автопарк механигі болып әртүрлі жұмыстарды абыроймен атқарды. Тасқала ауылына 2001 жылы қоныс аударып, бүгінгі күнде ағамыз зейнетте, немере сүйіп, бала – келінімен Тасқала ауылында мекендейді. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда, Семей ядролық полигонының зардап шеккендер азаматтарына көмек ұйымдастырып, атаулы қоғам төрағасының орынбасары ретінде жұмыстар атқарып келеді. Конституция күні қарсаңында Зиеден ағамызды мерекемен құттықтап зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз.

0
0
289

Еще по теме

Канвассинг аясында ардагермен кездесу - Yvision.kz