Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында құрылған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында КСРО және АҚШ президенттеріне ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі үндеу жолданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде бұқаралық ақпараттары құралдарында жариялана бастады. Ол тек республика аумағында ғана емес, шет елдерде де талқыланды. Осы көтерілген бастамалардың нәтижесінде, ядролық қаруды толықтай жабуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 ж. 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Жарлығы негіз болды.

«Ардагерлер туралы» Заңында көрсетілгендей Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата – анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары. Тасқала ауданы бойынша Семей ядролық полигонының зардап шеккен 4 ардагеріміз бар. Соның бірі Калиев Курмангали Зайтович ағамыз 2 Шежін ауылының тұрғыны. “Nur Otan”партиясы аудандық маслихат депутаты Сары-Тау Аманбаев 2 Шежін ауылына бет бұрып ағамыздың жағдайын біліп қайтты.

Калиев Курмангали Зайтович 1961 жылы 25 мамырда БҚО Тасқала ауданы, Мереке совхозының Есенсай қыстағында дүниеге келген. 1968-1978 жылдар аралығында Шежін мектебінде білім алған. 1978 – 1980 жылдары «Жалын» комсомолдық бригадасында еңбек еткен. 1980 жылы мамыр айында Орал облысы Камен аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақырылып, Георгиевка селосындағы 36678 әскери бөлімде қатардағы жауынгер болып әскери борышын атқарып бастады, 29427 әскери бөлімінде сержант шенін алып взвод командирінің орынбасары лауазымына дейін өсіп, 1982 жылы мамыр айында Отан алдындағы борышын өтеп ауылға қайтады.

1979 жылы отау құрып, ұл, қыз тәрбиелеп немере және жиен сүйіп отырған бақытты отбасы. 1983 жылы - 2005 жылдар аралығы әртүрлі жұмыстарда жұмыстанып, қазіргі таңда еңбек демалысында. Ағамыздың отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

0
0
170

Еще по теме

Канвассинг аясында ардагермен кездесу - Yvision.kz