Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

Канвассинг аясында ардагермен кездесу

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу мақсатында құрылған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында КСРО және АҚШ президенттеріне ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі үндеу жолданды. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде бұқаралық ақпараттары құралдарында жариялана бастады. Ол тек республика аумағында ғана емес, шет елдерде де талқыланды. Осы көтерілген бастамалардың нәтижесінде, ядролық қаруды толықтай жабуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 ж. 29 тамызда қол қойған «Семей ядролық полигонының жабылуы туралы» Жарлығы негіз болды.

«Ардагерлер туралы» Заңында көрсетілгендей Чернобыль атом электро станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата – анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары. Тасқала ауданы бойынша Семей ядролық полигонының зардап шеккен 4 ардагеріміз бар. Соның бірі Кадргалиев Жумабай Бисекешович ағамыз 2 Шежін ауылының тұрғыны. “Nur Otan”партиясы аудандық маслихат депутаты Даурен Нурмагамбетов 2 Шежін ауылына бет бұрып ағамыздың жағдайын біліп қайтты.

Кадргалиев Жумабай Бисекешович 1950 жылы 20 қаңтарда БҚО Тасқала ауданы, 2 – Шежін ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Шежін мектебін оқып бітірген. 1970 жылы мамыр айында Орал облысы Камен аудандық әскери комиссариатымен әскерге шақырылып, Аягөз қаласындағы 07361, 64515 әскери бөлімдерінде Отан алдындағы борышын атқару үшін шақырылып, 1970 жылдың мамыр – 1972 жылдың мамыр айлары аралығында қатардағы жауынгер, курсант ефрейтор, бөлімше командирі лауазымына дейін жетіп әскери борышын өтеген.

1972 – 2013 жылдары Шежін қой совхозында механизатор болып жұмыс жасаған. Жолдасы Нурзия Темирбековнамен үш қыз екі ұл сүйіп, өсіріп, тәрбиелеп, бүгінгі күнде немере және жиен сүйіп отырған бақытты ата – әже. 2013 жылдан бері зейнеткерлікте. Ағамыздың отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

0
0
285

Еще по теме

Канвассинг аясында ардагермен кездесу - Yvision.kz