"КАНВАССИНГ" - ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНДА
"КАНВАССИНГ" - ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНДА
Дәл қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан сайлау науқанында көптеген шаралар мен акциялар, тұрғындармен бейресми кездесулер ұйымдастырылуда. Мақсат – сайлаудың белсенді, әрі ашық өтуі үшін халықтың ақпараттық білімін арттыруға үлес қосу. Сондай шаралардың бірі –канвассинг.
«Сайлау» - бүгін пайда болған ұғым емес, ол тарихымыздан бері келе жатқан саяси үрдіс. Бұл ретте аға-буын өкілдерінің ойы мен белсенді араласып, қолдау көрсетуі - өте маңызды. Яғни, аталмыш шара мақсаты – өңірдегі құрметті азаматтардың, ағартушы-ардагерлердің үйіне барып, өзара рухани сұқбат алаңын ұйымдастыру.
Бүгін, 2020 жылдың 16 желтоқсан күні Қаратөбе ауданында ҚР Парламентінің мәжіліс депутаттығына үміткерлер - Снежанна Имашева мен Аманжан Жамалов "Қаратөбе ауданының құрметті азаматы", Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Ермекқалиев Орынғали Бәкесұлының үйінде болды. Жалпыұлттық мереке - тәуелсіздік күнімен құттықтай келген үміткерлер, ардагермен әңгімелесіп, Кеңес заманының архивтеріне көз жүгіртті.
Сонымен қатар, үміткерлер қазіргі таңда, орын алып жатқан сайлау науқаны туралы айтып, партияның сайлаудағы ұстанымдарымен бөлісті.
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
