"Канвассинг" акциясы аясында
Бүгін "Канвассинг" акциясы аясында, Медицина саласының ардагерлері, Ерейментау ауданының құрметті азаматтары Подкенов Әнтай Шапиғаұлымен және Исабаев Қуандық Сабырұлымен кездесіп қайтым. Кездесу барысында, мен "Nur Otan" партиясынан аудандық маслихатқа партиялық тізім бойынша үміткер екенімді айттым. Саясатқа өте жақын адамдар, өздерінің үлкен тәжірибесімен бөлісті, «Нұр Отан» партиясының қазіргі Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлестері туралы айтты. ⠀ Осындай білімді, дана және тәжірибелі адамдармен сұхбаттасу өте жағымды болды. Біз бірге партияның сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі талқыладық. Кездесу соңында олар «Нұр Отан» партиясының гүлденуіне тілектестік білдіріп, маған ақжол, сәттілік тіледі. Мен өз кезегімде сіздерді, құрметті жерлестер, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырамын! 📷 ⠀ Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз📷📷
