Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гауһар Шамқұлова "Канвассинг" акциясы аясында Баутино ауылының тұрғыны, мал шаруашылығымен айналысатын Сабит Өсербаевтың үйіне барды.

Г.Шамқұлова "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын айтып, осы басымдықтардың арасынан ауыл шаруашылығы да қалыс қалмағанын және алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығына қатысты көптеген істер атқарылатынын айтты.

Сөз барысында С.Өсербай: "Басымдықтардың қатарынан ауыл шаруашылығына нақты жоспарлар мен міндеттерді қойып отырғаны көңіл қуантады. "Ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық технологияларды енгіземіз" дегені ең бір қуанашты жаңалық, істеріңіз сәттілік тілеймін" деп, алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдайтындығын айтты.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"

#NurOtan

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
220

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz