Канвассинг
Жалпы «Канвассинг» - үміткердің сайлаушылардың бірінің шаңырағына қонаққа немесе арнайы барып сайлауалды түсінік жұмыстарын жүргізу болып табылады. Бұл «Nur Otan» партиясының халықпен байланысының артуына өзінің септігін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта өткізілген Нағым Ризуанов ақсақалдың шаңырағындағы кездесуде партияның ауданда атқарып жатырған жұмыстары мен еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығының қалыптасуы және оны сақтап қалу жолында бірқатар әңгімелер айтылды. Әңгіме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында еліміздің жеткен жетістіктері де баяндалды. Нағым Ризуанов Жаңажол ауылдық округінің қазіргі ахуалының жақсы екендігін ескере отырып, техникалық суға қатысты бір ғана мәселенің бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар партияны қолдайтындығын да жеткізді. Үміткер Ерболат Бекмулдин партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасын тілге тиек етіп, Нағым ақсақалдың отбасын сайлауда партияны қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

