Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Канвассинг

Жүз жасаған адамды бұрын көрмеген екенмін. "Жыңғылдыда Ақілгек деген әжеміз жүзге кепті" дегенді естіп арнайылап іздеп бардым.

Бірінші қаңтарда жүзге толған Әжемізге таңғалдым: ақыл-есі толық, сөзі түзу, өткен-кеткенді айтып саулап отыр.

Ғасырмен құрдас әжеге айттым: - Әже, жүз жастағы адаммен күнде кездесіп жатқаным жоқ, батаңызды беріңіз, тілегіңізді айтыңыз!

"Не айтайын, балам, аш та болдық, жалаңаш та болдық, қазір нан көп қой, құдайға шүкір.

Осы жерде менің екі немерем жүр, соларға жұмыс тауып бер, менің тілегім сол" деді Әже.

Қайран Ана! Жасы жүзге жетсе де ұрпағы үшін алаңдап, әлі күнге солардың қамын жеп отыр.

Ғасыр жасап, өз күш-қуатымен жүріп тұрып, сарайы сау, сөзі бүтін Әжемізге сүйсіндім. "Шамам келсе, сөзіңізді жерге тастамаймын, керек жерге жеткізем" дедім.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
108

Еще по теме