Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ғ. Нұрмаханова, Г.Қарабаева, А. Жандарова және Д.Қуашбай Қемеқалған ауылдық округі Әңгірата ауылының тұрғыны, құрметті азаматшасы, 40 жыл мұғалім болып жұмыс жасаған, қәзір зейнеткер жасындағы Таубаева Құралай апамыздың шаңырағына барды. Бұдан кейін біздің үміткерлер Ұйымшыл ауылының тұрғыны 40 жыл Ұйымшыл мектебінде аспазшы болған құрметті де ардақты Сарсенбаева Мәрия апамыздың үйіне бас сұқты.

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі болғандықтан кандидаттар халықтың құрметіне бөленген ардақты жандармен еркін сұқбат құрды. Халық сенімін ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде Таубаева Құралай апамыздың еңбегі зор.

Осы орайда КАНВАССИНГ жүздесуге келген үміткерлер сайлауалды бағдарламада көрсетілген ұстаз, білімге қатысты бөлімге кеңінен тоқталып, таратып айтты. Аспазшы болған адал еңбек иесі Мәрия апаға да қарапайым еңбек иесінің мәртебесі туралы айтып, еліміздің жетекші партиясының басым бағытын түсіндірді.

Ардақты апалар өз кезегінде кандидаттарға ақ жол тілеп, көшбасшы партияға дауыс береміз,-- деді.

2
0
151

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz