Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Канвассинг- сайлаушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында, мен өзімнің сенімді өкілдерім ардагер Аманбаев Құлхайыр және Артықбай Қанатпен бірге мұнай өндірісіне еңбегі сіңген азамат, мұнай саласының ардагер зейнеткері Макашев Вячеслав Константиновичтың шаңырағында қонақта болдық. Вячеслав Константинович «Манғыстаумұнайгаз» ақционерлік қоғамында көп жылдар еңбек етті, менің еңбектегі ұстазым, ақылшым.Менің тәжірибелі маман болуыма бірден-бір ықпалы мол болды. Бұл кездесу өзге кездесулерге қарағанда өзгеше болды. Мен “Nur Otan” партиясының алдымыздағы 5 жылға дайындаған сайлауалды бағдарламасын егжей- тегжейлі түсіндіріп өттім.«Nur Otan» партиясы ең алдымен халықтың, оның ішінде зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Мұнай ардагері, еңбектегі де, өмірдегі де ұстазым мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң көзқарас білдірді. Мен Вячеслав Константиновичты " NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

Yerbol Mukashev

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz