Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Маңғыстау ауданы Шетпе аулында Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар өзім ,Н.Тумышев, К.Ешманов және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткіздік. Кездесу барысында үміткерлер адал еңбегімен,өнегелі ісімен, адамгершілік қасиеттерімен, басшылық қарым- қабілетімен ел мүддесі жолында еш аянбай еңбек еткен ауданның Құрметті азаматы Қожамбетов Темір ағамен жүздестік. Жүздесу барысында адами құндылықтар туралы өміршең ой-толғамдары, ұлымызды ұлағатты,қызымызды әдепті етіп өсіру жолындағы аталық лебізін білдірді. Өмірдің мәні де, нәрі де-еңбек. Жастарды ел үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Темір ағамыз ақ батасын беріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.

0
0
115

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz