КАНВАССИНГ
2020 жылдын 28 желтоқсанында Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлермен Людмила Мендыгалиева, Сарсен Крымкулов, Зина Ногаева және Бердыгали Берекетов, Жаңаөзен қалалық депутаттығына үміткерлер Айнагул Кушикбаева, Гулжан Жугембаева, Гульжан Жугембаева және Гульназ Булекбаева үгіт-насихат жұмыстарымен Рахат ауылында Аманов Тоқберген ағаның үйіне бардық. Зейнеткер ауыл ақсақалы "Рахат" ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы. Тоқберген аға мен үйіндегі ақ жаулықты анамыз аяқ асты келген бізді жылы шырай танытып қарсы алып, өте жақсы әңгімелер айтты. Алдағы сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген Тоқберген ағамыз "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін айтып, ақ батасын беріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.

