КАНВАССИНГ
Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Н.Тумышев, К.Ешманов, Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Э.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телагус , аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Байжан, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева сайлаушылардың үйіне үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвассинг-кездесу өткізілді. Кездесу барысында үміткерлер «Маңғыстау ауданының Құрметті азаматы», батагөй ақсақал Шаймұрза Байпақовтың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтты.
Шаймурза Жаңайұлы Байпақов "Iзгілікті өсиеттер кітабының авторы жүздесу барысында қанымызға бұзылмастай болып сіңген тіліміз бен дінімізді, санамыз бен салтымызды, әдетіміз бен ғұрпымызды, және ең үлкен байлығымыз болып саналатын ұлттық дәстүрімізде бүгінгі жастарды келешек ұрпақты осы жеті қасиетті бойларына сіңіре отырып тәрбиелесе, үлкен жетістікке жететініміз туралы айтты. Қарапайым сандар арқылы тектілігіміздің мықты екенін, құран аяттарының мазмұнынан алып жұмбақ өлең шығаруы, Атам қазақтың тұла бойы тұнып тұрған бата болса, ағамыздың бата қорының молдығы, сан алуандығы бұл нағыз талант екендігі таң қалдырды.
Баталарыңыз қабыл бола бергей Маңғыстаудың батагөй ақсақалы!
