Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне кіріп, хал-жағдайын біліп шыққаннан кейін пост жазудың өзі ауыр. Бүгінде солай... Алғашқы кірген үйіміз көп балалы ана Ажибаева Гүлім қарындасымыз. Екінші ұлы Аманжанның денсаулығына байланысты үйде бала күтімінде отыр екен. Гүлім Ақтаудан мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуды, жергілікті бюджет тарапынан алып берілетін коляскалардың балалардың ауруына сәйкес алынса деген ұсыныстарын айтты. Аманжан баламызға тез жазылып кетуді тілеп, келесі үйге бардық. Екінші үй, Бүркіт ағамыздың шаңырағы. Ағамыз арбада отырып та, көп шаруаны бітіріп, тарихи ескерткіштерге де қамқорлық жасап, ағайынды ұйыстырып отырған абыройлы ақсақал. Саяси әңгімелерді арыдан қозғап,Nur Otanпартиясына дауыс береміз деді. Қамтылған сайлаушылар саны 13 адам.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
110

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz