Канвассинг
Канвассинг- қоғам белсенділерімен, халық алдында тындырымды тірлік атқарып жүрген ел азамттарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының бес жылдық сайлауалды бағдарламасын түсіндіру, сондай-ақ үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылатын кездесулер.
Осы орайда, бүгін "Nur Otan" партиясының атынан ұсынылып отырған ҚР мәжілісіне үміткер О.Д.Казахбаев, облыс мәслихатына үміткер Ж.Есенгалиева және Мұнайлы аудандық мәслихатына үміткер А.Ахмедов Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы тұрғындары ауылшаруашылық саласының инженер-механигі Аймағанбетов Үсенбай ақсақалдың және заң саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер Тұржанов Оңболсын ақсақалдың шаңырағында канвассинг форматында кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары баяндалған соң, мамандар сөз алып, "Nur Otan" партиясына саяси додаға үкілеп қосып отырған үміткерлеріне сәттілік тіледі. Үміткер интеллегенция өкілдерін 10 қаңтар күні нақты істер партиясы «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды!
«Nur Otan» жаңашылдық пен заман ағымының ілескен, қиындықты еңсере жеңген нағыз халықтық партия!
#NurOtan
#JenimpazBol
#BizBirgemiz
#Tanday2021


