КАНВАССИНГ
Үгіт-насихат жұмыстары аясындағы кезекті кездесу Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Нұрнияз Мұхановтың шаңырағында болдық.
Ұзақ жылдар бойы Маңғыстау мәдениет саласында жетекшілік қызметтер атқарып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі қиын кезеңде өлкенің рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан ел ағасының өнегелі өмір жолынан естеліктер тыңдап, Партия тарапынан өнер-мәдениет салаларының өркендеуіне көбірек көңіл бөлінсе екен деген лебізін қабыл алдық.
Соның ішінде, жан-жақты дамып, көлемі жағынан қарқынды өсіп келе жатырған қаламызға мәдениет ошақтары жетіспейді. Ақтау қаласы еліміздегі арнап салынған театр ғимараты жоқ жалғыз қала. Қолданыстағы ғимарат театр әртістері әлеуетін толық ашуға жағдай жасай алмай келеді. Соған қарамастан, Маңғыстау музыкалық драма театрының әртістері мен қойылымдары тек ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде өтетін театр өнері байқауларында жүлделі орындарды иеленіп келеді.
Өткен жылы қала әкімдігі тарапынан жаңа театр ғимаратын салу туралы шешім қабылданғаны туралы БАҚ беттерінде жарияланған болатын. Алайда, мәселе сол күйі қозғалмай қалды. Ендігі жерде, "Nur Otan" партиясы алдағы сайлауда лайықты қолдауға ие болатын болса, бұл мәселе аяқсыз қалмауына жұмыстанатын боламыз.
#NurOtan
#ЕлІшінде
#Гани Абдисадыков
Ерген Сыражан
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


