КАНВАССИНГ
Бүгін, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Раджу Сайлауұлы, Катаев Алибек, Майлыбеков Ержан Төлеби ауданы, Жамбыл ауылының құрметті азаматы Жалбиев Қуанышбек Ментайұлы ағамыздың үйінде болды. Қуанышбек Ментайұлы – өз мамандығын жетік меңгерген білікті мектеп басшысы қызметін атқарып, 32 жыл ішінде шығармашылықпен еңбек ете алатын, ауызбіршілігі мықты, жоғары білікті, сапалы білім мен тәрбие бере алатын, ата-ана мен қоғам алдында беделі биік педагогикалық ұжым қалыптастырды. Тәжірибесі мол, өз ісіне жан – тәнімен берілген. Бәрінен де өзі басқарып отырған өнер мектебі ұжымының беделі үшін барын да, нарын да салды. Нәтижесінде, аудандық балалар саз мектебінің шәкірттері мен ұстаздары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі жас орындаушылар байқауларына қатысып, республикаға танымал болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген білім ұясына айналды. Педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісін иеленіп, облыстық , аудандық білім басқармаларының, аудандық мәслихаттың Алғыс хаттарымен марапатталған.
Кездесу барысында қазіргі таңдағы білім беру саласына қатысты мәселелер туралы ой қозғалып, болашақта осы салаға байланысты атқарылатын жұмыстар жоспары ортаға салынды. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпараттар беріп, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға шақырдық. Жалбиев Қуанышбек ағамыз сайлау алды бағдарламаларымен таныса келе, сайлауға бір кісідей атсалысып қолдайтындығын алдағы маңызды оқиғаға әр азамат қатысу керектігін, «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беретіндігін айтты.
Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
"Nur Otan"- ға дауыс бер !
