КАНВАССИНГ
"Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" атты жобасының аясында канвассинг форматында ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Қансеитов Төлеби ауданы, Ленгер қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері, Таскешу елді мекенінде тұратын Жұмағұлов Рысмет ақсақалдың үйіне барды. 40-тан аса немере 20 шөбере бағып, тәрбие беріп отырған 100 жастағы атамыздың айтқан өнегелі әңгімесін тыңдау біз үшін үлкен мәртебе. «Қариясы бар елдің қазынасы мол» - деген дана халқымыз. Тарихқа тұнып тұрған Рысмет атамызға еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясының 5 жылдық жоспарын таныстырып, еркін сұхбат өрбітті.

Сонымен қатар, қария елдің болашағы жастардың қолында екенін тілге тиек ете отырып, алдағы сайлау науқанында «Nur Otan»-дық үміткерлерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді. Қашанда үлкеннің батасын алу біздер үшін асыл қазына! Атамыздың берген батасы бізді биікке жетелейтіні сөзсіз!
Біз "Nur Otan" партиясымен біргеміз!
