КАНВАССИНГ
Канвассинг- сайлаушыларға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Мұқашев Ербол және оның сенімді өкілі ардагер Аманбаев Құлқайыр Жаңаөзендік Қазақстан мұнай өндірісіне еңбегі сіңген азамат,мұнай саласының ардагері Қайыржан Дилмұқашевтың шаңырағына барды.
Мұнай саласындағы ерен еңбегі жөнінде әңгімелесе отырып,кездесу барысында үміткер Мұқашев Ербол “Nur Otan” партиясының алдымыздағы 5 жылға дайындаған сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, жан-жақты талқылап ,Жаңаөзен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарға ерекше тоқталып өтті. «Nur Otan» партиясы ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтіні баса айтылды.Мұнай ардагері мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң көзқарас білдіретінін айтты.
Қайыржан Ділмұқашев атамыз үміткер Мұқашев Ерболға ақ батасын беріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беретінін айтты,ақ жол тіледі
