Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

КАНВАССИНГ

Бүгін Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Ажибаев, Б.Қожатай және Д.Ештаева Тасарық ауылының қариясы Сейдалиев Мейманбектің шаңырағында болды. Мейманбек қария ауылдың ардақты қариясы, партияның бағдарламасын толық қолдайтынын жеткізіп, үміткерлерге батасын берді.

Бұдан бөлек, Ермаханбетова Мадина Сейфуллақызы Леңгір қаласының тұрғыны, "Мейр-Бейс" медициналық колледжінің директоры Жаңқалова Аманкүл Мейрханқызымен кездесті.

Үміткер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының, партия сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Аманкүл апай мен колледж ұжымы “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беретіндерін айтты. Денсаулық сақтау өкілдері, білікті мамандар канвассинг жүздесу барысында ауданымыздағы денсаулық саласы, медицинаның қол жетімділігі, аурухана, емхана, ФАП-тардың қызмет көрсету сапасы туралы айтты. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасының жеті басымдықтарымен таныстырды. "Nur Otan" париясының басты мақсаты - халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулығын, әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жұмыс жасау екенін атап көрсетті. Ауыл ақсақалы мен жоғары медициналық колледж ұжымы үміткерлерге ақ жол тіледі.

Еще по теме

КАНВАССИНГ - Yvision.kz