КАНВАССИНГ
КАНВАССИНГ Іле ауданындағы үгіт насихаттық жұмысы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұқанов Шынәділ ағамыздың үйіне барды. Мұқанов Шынәділ 1950 жылы туылған . Ақын, журналист, жазушы. Іле ауданының құрметті азаматы, “Мәдениет майталманы” медалінің иегері. Қазақстан журналистер одағының, халықаралық жазушылар одағының, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі.
Үміткерлер кездесу барысында Шынәділ ағамызбен сұхбаттасып, партиямыздың сайлауалды бағдарламасы жайлы насихаттады.
Үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлау барысында біздің партияны қолдауға шақырып, Шынәділ ағамызан ақ батасын алды.



