КАНВАССИНГ
Канвассинг- сайлаушылар үйіне үгіт насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатыңда облыстық депутаттыққа үміткер Киікбай Ешманов, қалалық депутаттыққа үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Дощанов Тәуелсіздік күні қарсаңында "Ақтау қаласының құрметті азаматы" атағын алған “ Nur Otan “партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Жаңбыров Ерімбет Әділұлының үйіне барып марапатымен құттықтап, үгіт - насихат жүргізді.
Кездесу барысында үміткерлер партия ардагерінің отбасына «Өзгеріс жолы: әркімге лайықты өмір!» атты 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, ондағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттар туралы айтып берді. Ол үшін «Nur Otan» партиясы ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізетінін атап өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар екенін де баяндады.
Кездесу соңында депутаттыққа үміткерлер көпке үлгі болар "Құрметті азаматтың" батасын алып, отбасын сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
