КАНВАССИНГ
Канвассинг- сайлаушылар үйіне үгіт насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатыңда ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер
аудандарды аралап, тұрғындар арасында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Сапар барысында ол ауыл ақсақалдарының үйіне барып, жастармен, көпбалалы аналармен, шаруашылық иелерімен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Самат Мусабаев
Мәселен, жастармен кездесу барысында «Nur Otan” партиясының бағдарламасында жастарға тұтас бөлім арналғанын, жастарды жұмысқа орналастыру, үй беру, гранттар бөлу мен кәсіпкер жастарға айырықша қамқорлық бөлініп отырғанын жеткізді. Кездесуге келген жастарға кеңес беріп, жаңа идеяларды талқылауға әрдайым ашық екенін білдірді. Ал, Сенек ауылының ақсақалдары мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, ауылда өмір сүруге қажетті игіліктің жетіп тұрғанын айтты.
Ауылда газ бен тоқ мәселесі шешілген, үйлерге ауыз су келіп тұр, интернет пен ұялы байланыс жүйесі де орнатылған.
Үлкендер “ Nur Otan “ партиясы арқылы бағын сынап жатқан ел азаматтарына ақ баталарын беріп, " NurOtan" партиясына дауыс беретіндерін айтты.
Сонымен қатар үміткер сапар аясында азаматтарды жеке қабылдаған. Онда көтерілген сұрақтардың басым бөлігі «NurOtan» партиясының алдағы 5 жылдық бағдарламасында қарастырылғанын да атап айтты.
